Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу және Алматы облыстарының таулы және шығыс аймақтарында да қатты жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с шамасында болады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында тұман, көктайғақ және кей өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман, ал таулы аймақтарда желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында да 13-15 қараша аралығында тұман түседі деп болжанып отыр.
Синоптиктер тұрғындарды жолдарда көктайғақ пен нашар көріну жағдайында сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Автокөліктердің жылдамдығын азайтып, ауа райының өзгерісін жіті қадағалау ұсынылады.
Әдемі, Сұлу, Әміре: Ақтөбе облысында үшем дүниеге келді
Ұқсас жаңалықтар
Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2025




