Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық колледждер 4 000-нан астам кәсіпорынмен меморандумға отырды

Қазақстандық колледждер 4 000-нан астам кәсіпорынмен меморандумға отырды
istockphoto.com
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестік қарқын алып келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мамандарды даярлау сапасын арттыру және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында колледждер мен бизнес құрылымдар арасындағы әріптестік меморандумдары жүзеге асырылуда.

Қазір отандық 623 колледж 4 126 кәсіпорынмен меморандумға қол қойған. Бұл келісім аясында кәсіпорындар білім беру бағдарламаларын жаңартуға, колледждерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, студенттерге өндірістік тәжірибе базасын ұсынуға міндеттенеді. Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы белсенді кәсіпорындар нақты салалардың кадр қажеттілігін қамтамасыз етуге ат салысып отыр. Кейбір компаниялар оқытушыларға арналған тағылымдамалар да ұйымдастырып жатыр.

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, колледждер мен кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығы — түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен өңірлік экономиканы тұрақты дамытуға кепіл. «Оқу-ағарту министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі қолдап, бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимылды кеңейтуді жалғастыра береді», — деді ол.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар