Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектерді тіркеу рәсімін жеңілдетті
- author AR-AY
- Бүгін, 12:25
- 5
Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу тәртібі оңтайландырылды. «Бір терезе» қағидаты арқылы композитті қызмет енгізіліп, тіркеу мерзімі екі есеге қысқартылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу тәртібі оңтайландырылды. «Бір терезе» қағидаты арқылы композитті қызмет енгізіліп, тіркеу мерзімі екі есеге қысқартылды.
Реттеуші жүйесі дамыған елдерде (ЕО, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания) өндірілген препараттар үшін тіркеу процесі 15 жұмыс күніне дейін қысқарады. Фармацевтикалық компаниялар үшін онлайн-сараптама порталы, call-орталық және цифрлық сервистер іске қосылды.
Реформаның нәтижесінде елде дәрі-дәрмектерді тіркеу көлемі 60%-ға артты, соның ішінде 300-ге жуық отандық препарат ресми тіркелген.
Жаңа ережелер фармрыноктың ашықтығын арттырып, пациенттердің заманауи және тиімді дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін жылдамдатуға бағытталған.
Келесі мақала


