5,5 млн теңгені жымқырған интернет-алаяқтардың ісі сотқа жіберілді
- author AR-AY
- 29 қыркүйек, 2025
- 145
Тергеу материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 5-7 ақпанда шетелде орналасқан қылмыстық топ «Call-орталық» құрып, қазақстандықтарға қоңырау шалған. Олар өздерін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарды жалған ақпаратпен алдап, қаражатты Ұлттық банктің «қауіпсіз» шоттарына аудартқан.
Алаяқтарға көмектескен төрт қазақстандықтың арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар. Олардың бірі жалған карталарды іздестірсе, екіншісі банкомат арқылы ақша шешіп отырған. Қолма-қол қаражат кураторларға беріліп, кейін криптовалютаға айналдырылған.
Бұл қылмыстық схема салдарынан жеті азамат зардап шегіп, шығын көлемі 5,5 млн теңгеден асты. Барлық айыпталушылардың ісі сотқа жолданды.
Прокуратура бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену — яғни алаяқтық үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл және Түркістан облысында жолдардың бір бөлігі қайта ашылды
- авторAR-AY
- Бүгін, 10:27




