Жаңалықтар
Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың да кандидатурасы талапқа сай болмай шықты
- author AR-AY
- 13 қазан, 2022
- 151
Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың да кандидатурасы талапқа сай болмай шықты
ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сай келмейді. Бұл туралы үміткерді арнайы органдар арқылы тексеру нәтижесін баяндаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясы отырысында Фатима Бизақованың талап етілген барлық құжаттарды тапсырғаны аталып өтті. Кейін деректерді растау мақсатында ОСК Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктен, Әділет министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен, Ішкі істер министрлігінен ақпарат сұратқан.
Нәтижесінде Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жоқ екені анықталған. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабында көзделген ережелерге сәйкес емес деп таныды. Сәйкесінше, құзырлы орган Фатима Бизақованы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тікеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, бұл үміткердің кандидатурасын «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.