
Tәуелсіз ел болғалы қабылданған 1993 жылғы алғашқы Ата Заңымыздың уакыт өте келе кем тұстары мен жаңа заманға сай келмейтін тұстары айқындалды. Осылайша, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізіліп, халықтың тікелей дауыс беруімен Конституция жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қолданыстағы жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
Конституция еліміздің әр азаматына теңдік ұсынды. Қазақстанның өр азаматы Ата Заңымыздың қорғауында болатындығы, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген езге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы баян
етілген. Бұл туралы Ата Заңымыздың 14-бабында тура керсетілген. Қазір тәуелсіз мемлекетімізде, бір шаңырақтың астында жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері ұйысып өмір сүруде.
Ал олардың бүгінгі таңдағы бейбіт өмірін Ата Заңымыздың шешуші ережелерінің негізі деп білуміз қажет.
А. Қорабаева,
Тараз қаласы №2сотының судьясы