Қазақстанда сауда көлемі 8,6%-ға артты: Үкімет Жолдау тапсырмаларын орындауда
- author AR-AY
- Бүгін, 09:27
- 33

Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бизнесті жүргізудің ашық ережелері қалыптасып, ішкі сауда дамуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым жасалуда.
2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.
«Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. “Айтылды-жасалды" қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары қарқынды түрде жүзеге асырылуда»,— деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.