СЕНЕН ҚАЛҒАН ӨЛЕҢІҢ - МӘҢГІ МҰРА
Жүрегіңе қанжар сөздер қадалып,
Дос дегенің түсті ізіңе шам алып.
Өсек, итке жем болдың-ау таланып,
Жалғыз қалып, өлеңмннен сырластың,
Неге ғана ақын болдың жаралып?
Жаныңның саулатып сары жапырақтарын,
Азапты оймен Тәңірдің атырып таңын.
Жанарға іріктің жүректің запыран зарын.
Адалдық деген санаңды жаулайды сарын.
Кісімсінгендерден кейде лайлайды арың.
Ащы шындықты артық деп тәтті өтіріктен,
Өлеңіңді өксітіп, байланды-ау бағың.
Талайлар бар ғой жүзіктің көзінен өтер,
Сендің-ау сиқыр сөзіне, көзіне бекер.
Кер заман сынды алаяқ сезімі бекер,
Шындықты бүркеп қашанғы төзімің жетер?
Сыр айттың желге, жаңбырға, жас қайыңға,
Тағдырға қатал келесің көніп сен еппен.
Пенденің бәрі дос деген ойды қоя алмай,
Түлкі жалғанның соңынан кеттің дедектеп.
Қырық беске келген шағыңда
Іште кетті өкпең де, сұрағың да.
Арман таудың шыңынан құладың ба?
Мына отырған қаракөз ұрпағыңа,
Сенен қалған өлеңің - мәңгі мұра.
Байзақ ауданы, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназия 8-сынып оқушысы Айзатхан Дархан
Келесі мақала