Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады.

Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады.
istockphoto.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында педагог мамандығы бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 84 мың теңгеге дейін өсетінін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жаңа буынын даярлаудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлініп, педагог мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы соңғы бес жылда екі есе артқан. Жаңа оқу жылынан бастап ол 84 мың теңге болады.

Осындай қолдаулардың нәтижесінде жастардың ұстаздыққа қызығушылығы өсіп келеді. Мысалы, былтыр 1800-ге жуық «Алтын белгі» иегері педагогикаға түссе, биыл олардың саны 2 мыңнан асты. Бұл – үздік түлектердің шамамен 23 пайызы. Мұндай көрсеткіш ұстаз беделінің қоғамда артып келе жатқанын айғақтайды.

Сондай-ақ, білім сапасын көтеру бағытында басқа да ауқымды шаралар атқарылды. Нәтижесінде, биыл қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді жеті олимпиададан 27 медаль, ал түрлі халықаралық жарыстардан мыңға жуық медаль жеңіп алды. Президент мұны оқушылардың ізденісі мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі деп бағалады.

Алайда Президент арқаны кеңге салмай, алда атқарылар жұмыс әлі де көп екенін еске салды. Осыған орай ол оқу-ағарту саласына қатысты бірқатар ойын ортаға салды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар