
Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының басталу, аяқталу мерзімдері, каникул кезеңдері мен қорытынды аттестация уақыты бекітілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылының басталуы, аяқталуы, тоқсандар мен демалыс кезеңдері, сондай-ақ қорытынды аттестация мерзімдері белгіленді.
Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
Тоқсандар мен демалыстар (1–11(12) сыныптар үшін):
- 1-тоқсан – 8 апта | Күзгі демалыс: 27 қазан – 2 қараша 2025 ж.
- 2-тоқсан – 8 апта | Қысқы демалыс: 29 желтоқсан 2025 ж. – 7 қаңтар 2026 ж.
- 3-тоқсан – 10 апта | Көктемгі демалыс: 19 – 29 наурыз 2026 ж.
- 4-тоқсан – 8 апта
- 1-сыныптар үшін қосымша демалыс: 9 – 15 ақпан 2026 ж.
Қорытынды аттестация мерзімдері:
- 9 (10)-сыныптар:
- Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым
- Математика – 29 мамыр
- Таңдау пәні – 3 маусым
- Ана тілі (эссе/жазба жұмыс) – 8 маусым
- Екінші тіл (қазақ немесе орыс тілі мен әдебиеті) – 11 маусым
- 11 (12)-сыныптар:
- Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 2 – 15 маусым
- Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым
- Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым
- Ана тілі – 9 маусым
- Таңдау пәні – 12 маусым
- Екінші тіл (қазақ немесе орыс тілі мен әдебиеті) – 15 маусым
Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап заңды күшіне енеді.
Келесі мақала