Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мойынқұмда жол инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Мойынқұмда жол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
Ашық дереккөз
Мойынқұм ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 984, 6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 342 шақырым, облыстық – 271,6, аудандық – 158,2 және елді мекен көшелері – 212, 8 шақырым.

2025 жылы жол саласына барлығы 390,6 миллион теңге бөлініп отыр. Оның ішінде облыстық бюджеттен – 128,0 миллион теңге, аудандық бюджеттен – 262,6 миллион теңге қаралды. 

Бөлінген қаржы есебінен елді мекен көшелерінің 7,743 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл ішінде барлығы 9 жол жөндеу жобасы іске асырылмақ. Солардың бірі – "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Биназар ауылындағы Жайлаубек көшесін жөндеу жобасы. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын көше жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жылпы құны – 49,3 миллион теңге. Қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттен қарастырылады. 

Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, жол пайдалануға берілді. Жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, көлік қатынасын жақстартуға және ауылішлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты істердің бірі болып отыр. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар