Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотека бағдарламасына белсенді қатысуда
- author AR-AY
- 13 мамыр, 2025
- 113

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалдамалы тұрғын үй бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.
Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде "Отбасы банкімен" бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды, - делінген министрліктің хабарламасында.
Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.
Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.