Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАЖ қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек бойынша арнайы сабақ өткізілді

ҚАЖ қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек бойынша арнайы сабақ өткізілді
Автор
Тараз қаласындағы қауіпсіздігі барынша орташа режимдегі №58 түзеу мекемесінде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жеке құрам қызметкерлері үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы сабақ ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласындағы қауіпсіздігі барынша орташа режимдегі №58 түзеу мекемесінде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жеке құрам қызметкерлері үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты №5 емхананың тәжірибелі дәрігері Амангелді Салықов қызметкерлерге шұғыл жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәртібі мен негізгі ережелері туралы жан-жақты мәлімет берді. Ол алғашқы көмектің мәні — жедел жәрдем жеткенге дейін өмір мен денсаулықты сақтап қалу екенін атап өтті.
Алғашқы медициналық көмек көрсетудің басты қағидасы — зардап шеккен адамға, көмек көрсетушіге және айналадағы адамдарға қауіп төндірмей әрекет ету. Бұл көмек қан кету, жарақат, инфекция және шоктың алдын алуға бағытталады.

Сонымен қатар, алғашқы көмек көрсету кезінде нақты алгоритмді сақтау мен зардап шегушінің жағдайын бақылау маңызды екені айтылды.
Мұндай сабақтар ҚАЖ қызметкерлерінің төтенше жағдайларда кәсіби әрі сауатты әрекет ету қабілетін арттыруға ықпал етеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар