Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТМД елдері Қазақстанның 3 қаласына ерекше мәртебе берді

ТМД елдері Қазақстанның 3 қаласына ерекше мәртебе берді
vestnik19.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты,деп хабарлайды arainfo.kz

Астана қаласында өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына «1941–1945 жылдардағы Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді. Бұл бастама Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбегінің маңызын еске алып, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында қолға алынды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу отырыс барысында ТМД ұйымын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды. Ол Қазақстан бастамаларын іске асыруда Достастық елдерінің серіктестігі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

– Еліміздің ұсынысы бойынша бүгінде Волонтёрлер форумы, Достастық жәрмеңкесі, ТМД Академиялық астанасы сынды жобалар бірлескен күш-жігердің арқасында іске асырылып жатыр немесе жақын болашақта өткізіледі, – деді министр.

Жеңістің 80 жылдығына орай ТМД елдерінің бірқатар қаласына «1941–1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» атағын беру жоспарланған. Бұл атақ соғыс жылдарында ерен еңбек үлгісін көрсеткен қалаларға көрсетілер құрмет болмақ.

Кеңес аясында тараптар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәселелерді талқылады. ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында, ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында, Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар