Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды
видеодан скрин
Сүйінші жаңалықты белсенді Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті,деп хабарлайды arainfо.kz

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға ие болды. Қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға олар шексіз алғыс білдірді. Бұл қуанышты жаңалықты қоғам белсендісі Дінмұхамед Қаматай әлеуметтік желіде бөлісті.

"Бұл үй — тек баспана ғана емес, жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың анасы Перизатқа үміт пен сенім сыйлаған барша жанашыр азаматтарға алғысымыз шексіз. Қиын сәтте қолдау көрсету — әрқайсымыз үшін маңызды. Біз бұл отбасының жалғыз емес екенін көрсеткіміз келді," — деді ол.

Өз кезегінде Перизат Нұрымова да халықтың қолдауына жүрекжарды алғысын айтты:

"Үлес қосып, бізге көмектескен барша жанға шын жүректен алғыс айтамын," — деді ол.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар