Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жас ғалымдарға қолдау көрсетті

«Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жас ғалымдарға қолдау көрсетті
Ашық дереккөз
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы қолдауымен көрнекті тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханұлының 110 жылдығына орай облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

«Елін сүйген Ермұхан» атты конференцияға партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партия филиалының Жастар қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов, жас ғалымдар мен оқу орнының тарихшылары және барлық ауданнан мектеп оқушылары да қатысты. Дулати университетінің «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, доцент Ермекбай Серікбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейтқұлова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жас зерттеушілердің конференцияға ұсынған еңбектерін бағалаған әділ қазылар алқасының мүшесі Сейсекүл Дүйсебайқызы жастардың ел тарихын тереңірек тануға деген талпынысына жоғары баға берді.

«Жастардың ғылымға деген бетбұрысын, тарихи тақырыптарды зерттеп-зерделеудегі көзқарастары мен табанды еңбектерін көріп қуандым. Мысалы, бір ғана Қаратау технология, білім және бизнес колледжінен 14 студенттің қатысқаны – үлкен жетістік. «Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жастарды әрқашан қолдауға дайын. Бүгінгі конференцияны Дулати университетімен бірлесе ұйымдастырудағы мақсатымыздың өзі осы», - дейді Сейсекүл Әбдісаттарова.

Іс-шараның соңында Сейсекүл Дүйсебайқызы конференцияға белсенді қатысқан студенттерге партия филиалының төрағасы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мұқанбетәлі Шалқарбековтың Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу еңбектері үздік деп танылған жас ғалымдар партия филиалының арнайы Дипломдарымен марапаттады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар