Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды
visitaktobe.kz
2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев. Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.

«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар