Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ақтөбедегі адамдарды кепілге алу оқиғасының мән-жайы белгілі болды

Ақтөбедегі адамдарды кепілге алу оқиғасының мән-жайы белгілі болды
Ашық дереккөз
Ақтөбеде кепілге алынған тұрғындардың екеуі көз жұмды, бірі ауыр халде, деп хабарлайды arainfo.kz.

Ақтөбеде 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама Жедел басқару орталығына түскен. Хабар алған бойда Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетіп, күдіктімен бұрын таныс болған әйелдің кепілге алынғаны анықталды.

Күдікті қандай да бір талаптар қоймаған. Үш сағаттық келіссөздер жүргізілгеннен кейін және күдікті кепілге алынған адамды босатудан бас тартқан соң, арнайы бөлімшелер шабуыл жасау туралы шешім қабылдады. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

Оқиға орнын тексеру барысында жертөледен пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі адамның заң бойынша барлық қатаңдығымен жазаланатынын мәлімдеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар