Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінде тінту жұмыстары жүргізілді
- author AR-AY
- 20 желтоқсан, 2024
- 304

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет тінту жұмыстары жүргізілді,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл күні тінту-тексеру жұмыстарына аталған мекеменің жедел тобының қызметкерлерімен қатар, желілік полиция бөліміне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері де жұмылдырылды.
Айта кетейік, сот шешіміне сәйкес кінәлі деп танылып, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылған азаматтар өздерінің туған-туысын заңбұзушылыққа итермелегені дәлелденген жағдайда, олар тәртіптік жаза тартылады. Дәл сол секілді тыйым салынған заттарды беру арқылы жабық мекемедегі жақынына «жақсылық» жасауды көздейтін азаматтар да жазасыз қалмайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жылдық безендірусіз кеткен 8,4 млн теңге: әкім ескерту алды
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Жаңа ғасырдың Қажымұқаны: әлем чемпионы Ұлттық ұлан сапында қызмет етуде
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025