Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- author AR-AY
- 13 желтоқсан, 2024
- 41
Қазақстандықтар үшін онлайн сауда мен кедендік рәсімдеу енді айтарлықтай жеңілдеді,деп хабарлайды arainfo.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" мәлімдеуінше, EGov Mobile қосымшасында «Qazpost» сервистері қолжетімді болды. Енді қазақстандықтар Amazon, AliExpress және басқа да халықаралық маркетплейстерден тауарларға тапсырыс беріп, кедендік құжаттарды рәсімдей алады.
Сервис екі бағытты қамтиды:
- Keruen – АҚШ, Еуропа және Қытайдан тауарларды жеткізу қызметі.
- Keden – кедендік декларациялау және баж салығын есептеу мүмкіндігі.
Қызмет арқылы жеткізу құны мен мерзімін білуге, сәлемдемені бақылауға, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады. Жоба «Қазпошта» АҚ, ҚР Цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырылды.
Бұл жаңалық азаматтарға онлайн сауда мен кедендік рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет мерзімін бұзу екі есеге азайды
- авторAR-AY
- 18 желтоқсан, 2024