Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды

Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды
Туризм және спорт министрлігі
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр. Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.

«Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.

Алғашқы күннің жеңімпаздары

Қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. Шахматтың блиц түрінен:

• Әйелдер арасында Балжан Жұмағазиева 8 ұпай жинап, Азия – Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды.

• Ерлер арасында Самажан Кеттебеков 8,5 ұпай жинап, күміс медаль алды.

Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар