Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.
Түбінде барша қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлейтін болады. Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай болады. Халықтың мәдениеті оның тілімен жасалатыны белгілі. Тіл тек қана қатынас құралы емес, ұлттың бар сипатын анықтайтын оның негізгі кілті, дегенінің өзі біраз жайды аңғартса керек.
Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы мемлекет. Әртүрлі этникалық топтардың өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етеді. Осы көптүрлілікті бірлікте ұстап тұратын басты факторлардың бірі – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. Қазақ тілі барлық азаматтарды ортақ тілде біріктіреді, бірегей ақпараттық кеңістік қалыптастырады. Мемлекеттік тіл барлық этностар үшін тең құқықты орта болып, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтей отырып, қоғамды біріктіруге қызмет етеді.
Мемлекеттік тілдің қызметі, ең алдымен, ұлттың ішкі тұтастығын сақтау мен оны әлемдік қауымдастықта танытуда маңызды. Қазақ тілі – ұлттық сәйкестіктің символы, ол еліміздің тарихы мен мәдениетін әлемге танытуда ұлттың мәдени байлығын жеткізетін құрал.
А.Т.ТОЙБАЙ,Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы
“Мама, ақша аударшы”: алаяқтар 17 адамды сан соқтырған
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024