Жақында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері қызмет атқару барысында денсаулығы сыр беріп, қиын жағдайда қалған тараздық қарт кісіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Аталған әскери бөлімнің командирі, полковник Ғазиз Қәдірбектің айтуынша оқиға алтыншы қараша күні, сағат кешкі 20:10 шамасында орын алған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші әскери жасақ, яғни 2-ші жедел мақсаттағы рота, 2-ші жедел мақсаттағы взводының сарбаздары АСА-242 бағытымен, Төле би көшесіндегі Т.Рысқұлов атындағы саябақты патрульдеп жүреді.
Сол күні 2-ші жедел мақсаттағы рота, 2-ші жедел мақсаттағы взводының 1-ші бөлімше сарбазы, әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Нұрасыл Қабыл, 3 бөлімшенің сарбаз атқышы, қатардағы жауынгер Айдын Балғын және 2 бөлімше сарбазы, граната атқыштың көмекшісі, қатардағы жауынгер Тұрсынжан Насыров жауынгерлік міндеті бойынша аталған аймақта қызметте болған.
Саябақты патрулдеп жүрген 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері қарт әйелдің орындықтан жерге құлап көмекке мұқтаж болғанын байқайды да бірден көмекке асығады. Адам өміріне араша болу мақсатында 2 жедел мақсаттағы рота, 2 жедел мақсаттағы взводының сарбаздары ес-түссіз жатқан тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жедел әрекет еткен ұландық жауынгерлер оқиғаны бірден әскери жасақ кезекшісіне баяндап, жедел жәрдем шақыртады.
– Біз есінен танып қалған егде жастағы әйел кісіні байқадық. Ойлануға уақыт болмады, дереу көмек көрсетуге кірістік. Бетіне су шашып, мүсәтір иіскетіп, есін жиғыздық. Кейін №3 жедел жәрдем бригадасы (борт №3) келіп, науқасты тексеріп, Тараз қаласының облыстық ауруханасына алып кетті, – дейді әскери жасақ бастығы Қабыл Нұрасыл.
Жауынгерлік қызмет барысында болған оқиға бөлім кезекшісіне баяндалған.
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024