Жаңалықтар
Еркін өмірге жолдама алатын жазасын өтеушілерге бағыт-бағдар берілді
- author AR-AY
- 4 қараша, 2024
- 98
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотты болған азаматтарға бостандыққа даярлау мақсатында лекция оқылды.
Бұл күні оларға Қылмыстық-атқару Кодексінің 167 (жазасын өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсету), 168 (жазасын өтеуден босатылған адамдардың жұмысқа және тұрмысқа орналасуына, оларға басқа да әлеуметтік көмек түрлерінің ұсынылуына жәрдем көрсету) және 169 баптарында (шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау) көрсетілгендей, нақты мағлұматтар берілді.
Өз кезегінде бірқатар жазасын өтеушілер спикерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Айсұлу ИСМАЙЛОВА,
№26 түзеу мекемесінің Босатылатын сотталғандарың еңбегі мен тұрғын үй жайларын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты
Келесі мақала