Тұрғын үйлердің шатырлары мен бастырмалалардағы, қорадағы өрт оқиғаларына, шөпханалар мен автокөліктердегі және тағы басқа шақыртуларға шығып, өрт сөндіру және авариялық-құтқару секілді тиісті жұмыстарды атқарды. Атап айтқанда, өрт оқиғаларына – 9 рет, қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғаларына – 12 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 3 рет, расталмаған жану жағдайларына 2 рет жедел шықты. Жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қаза болғандар жоқ.
Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, балалар мен қарт кісілерді мүмкіндігінше қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ үйдің маңындағы арықтарды және ауланы, балконды қоқыстардан тазартып, өртке жол бермеуге шақырады. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.
Жылыту маусымының басталуымен қоса жауын шашынның мол түсуіне байланысты сел қаупі де артып отыр. Осыған байланысты облыстың су басу кезеңіне дайындығы тексерілді. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы бұйрығына сәйкес жұмыс тобы облыстың су басу қаупі бар аймақтарын аралап, оның ішінде Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарымен танысты. Бұл шаралар су басуға қарсы күрес жол картасы аясында жоспарланған.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА