Мәселен, Департаментпен Тараз қаласының тұрғынының «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуден Тараз қаласы әкімдігі тарапынан негізсіз бас тартылғандығы туралы шағымы қаралды.
Шағымды қарау барысында Тараз қаласы әкімдігінің Қаулысымен жер пайдаланушының тиісті келісімінсіз жер учаскесінің нысаналы мақсатын «ақылы автотұрақ және автокөліктерге техникалық қызмет көрсету құрылысынан» «үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін» деп өзгертілгендігі белгілі болды.
Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департамент тарапынан қала әкімінің қарауына мемлекеттік қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы ұсыным хат жолданды.
Осылайша, Департаменттің ықпал етуінің нәтижесінде қызмет алушының құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, оның жер учаскесінің жалға алу мерзімі ұзартылды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8 (7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Руслан Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы