Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«AMANAT» партиясының Съезіне делегаттар сайланды

«AMANAT» партиясының Съезіне делегаттар сайланды
ашық дереккөз
«AMANAT» партиясының Съезіне делегаттар сайланды
Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов ашып, жүргізген конференцияға сайланған 250 делегаттың жиынға 241-і және «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. Аталған жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланады. Негізі жаңа Саяси тұғырнаманы әзірлеуге партия мүшелері, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері тартылыпты. Тұғырнамада барлық партия мүшелерінің ұсыныстарын, пікірлерін ескеру мақсатында партия жанындағы Қоғамдық саясат институты арнайы әлеуметтік сауалнама өткізіп, оған республика бойынша 40 мыңнан астам партия мүшелері қатысып өз ұстанымдарын білдірсе, оның 5 мыңы жамбылдықтар көрінеді. – Тұғырнамада адами капиталды дамыту және халықтың мәселелерін шешу негізгі вектор ретінде белгіленген. Осыған орай, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап партия филиалдары шалғай ауылдық округтерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіп келеді. Қазіргі таңда партияның облыстық және аумақтық филиалдары өткізген қоғамдық қабылдаудың саны – 119. Осы уақытқа дейін 1588 сұрақ түссе, оның 556-сы оң шешімін тапты. Сонымен қатар құжатта ауыл тұрғындарының да тұрмыстық табысын арттыру мақсаты айқындалған. Бұл орайда, партияның «Ауыл Аманаты» және «Жер Аманаты» жобалары жемісті іске асырылуда, – дейді Дауыл Ынтықбайұлы. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Махметғали Сарыбеков көпшілік назарларына ұсынылып отырған «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасында, бұрынғы стратегиялық құжаттармен салыстырғанда, бірнеше ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Партияның облыстық филиалының атынан да партия жұмысын қайта жаңғырту бойынша нақты ұсыныстар берілгенін, бұл партияның аты өзгергеннен кейін, оның затында өзгерту, кең масштабты партиялық трансформация жасау ниетінен туындағанын сөз етті. Сондай-ақ партия тұғырнамасының негізгі қағидаларына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар басқосуда конференция делегаты, облыстағы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева, әлеуметтанушы, «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Әлмұратов, партияның Жуалы аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі, «Талапты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Руслан Сайлаубаев, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали сөз сөйледі. Бұдан өзге конференцияның күн тәртібіне «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамына, партия облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу секілді мәселелер қаралды. Жиын соңында 6 қазан күні Астана қаласында өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне партияның облыстық филиалынан делегаттар сайланды.

Нұрым Сырғабаев

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар