Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіпорын басшысы дауыс берді

Кәсіпорын басшысы дауыс берді
aulieata_media
Бүгін ел аумағында тәуелсіз Қазақстан тарихында төртінші референдум өтіп жатыр. Жасыл экономикаға жол бастайтын жарқын жоба жайлы азаматтар өз ойларын ортаға салып, ұлт келешегі үшін дауыс беруде,деп хабарлайды arainfo.kz

Айтулы күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіндегі №39 дауыс беру учаскесіне «ТаразЭнергоОрталық» АҚ төрағасы Жұмабек Бөлекбаев келіп таңдау жасады.

«Бұған дейінгі референдумдарда саяси-құқықтық сипат басым болса, осы жолғысында әлеуметтік нышандар айқын көрініс тапқан. Біз ұлт болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосудамыз. Бұл халықтың саяси белсенділігін артырып қана қоймай, әрқайсымыздың дауысымыз маңызды екендігін сезіндіріп, Отан алдындағы жауапкершілігімізді салмақтай түседі»,  деген кәсіпорын басшысы еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды шешімді қабылдауда жамбылдықтарды белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте сайлаушылар белсенділігі айтарлықтай артқан. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне
сүйенсек, түске дейін еліміздегі саяси құқыққа ие электораттардың жартысынан
астамы дауыс беріп үлгенген.  

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар