Референдум қарсаңында зейнеткерлер, спортшылар мен жастар да келіп біркісідей таңдау жасауда,деп хабарлайды arainfo.kz
Айтулы күні өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында сан салада қарымды қызмет атқарған қоғам белсендісі Қасымхан Төлендиев те таңдау жасау науқанынан шет қалмаған.
«Бүгін еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауда. Азаматтық құқығымды пайдаланып, отбасыммен бірге өскелең ұрпақ үшін, немерелерім мен шөберелерім үшін дауыс бердім. Біз үшін ең маңыздысы – ел болашағы. Мемлекетіміздің тұрақты өркендеу жолын таңдауы», деді Қасымхан Төлендиев.
Сөз соңында қоғам белсендісі аймақ тұрғындарын референдумда белсенділік танытуға шақырды.
Келесі мақала