Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қолөнер шеберлері де белсенді

Қолөнер шеберлері де белсенді
aulieata_media
Таңертеңнен бері, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге асыққан халық өте көп,деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінің дауыс берушілерінің де белсенділігі жоғары.Маңызды саяси науқан барысында тұрғындар назарына жәрмеңке мен қолөнершілер көрмесі ұсынылып, концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылған.

№35 референдум учаскесінде де қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген көрмеде тақия, сөмке, ойыншықтар секілді түрлі тоқыма бұйымдары көздің жауын алады. Қолөнер шебері. Дилафруз Махмадулаева айтуынша маңызды науқанда белсенділік таныту ар азаматтың парызы.

- Өздеріңіз білесіздер, таяуда ғана Тараз дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне лайық екенін тағы бір дәлелдеді. Бүгін міне референдум кезінде ісмерлеріміз шет қалмай, барынша атсалысуда. Осы №35 референдум учаскесінде тіркелгендіктен алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, азаматтық таңдауымды жасадым, -дейді қолөнерші.

Айта кетейік, бүгін  өңірдегі дауыс беруге арналған 508  референдум учаскелері ОСК бекіткен нұсқаулығына сәйкес, жарақтандырылып, онда 3616 комиссия мүшесі азаматтарға дауыс беру барысында заң талаптарына сәйкес қызметтер көрсетуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Үлкендердің үлгісі
Алдыңғы мақала
Үлкендердің үлгісі

Ұқсас жаңалықтар