Бүгінгі еліміз үшін маңызды күнді сайлаушылар жақсы сезініп, түсінуде. Олар әртүрлі ерекшелік байқатуда,деп хабарлайды arainfo.kz
Мәселен, Тараз қаласы, Бәйдібек баба көшесінде орналасқан 508 сайлау учаскесіне сайлаушы Рәткүл Алдажанова қазақша қамзол киіп келді. Оның мамандығы - мұғалім. Бірге дауыс беруге келген жолдасы Бақытжан Ғазиев - кәсіпкер .
"Ел таңдауы ел дамуына әсер етеді. Әр азамат өз таңдауын жасауға құқылы. Сол құқымызды пайдаланып дауыс беруге келдік. Еліміздің әрбір қадамы біз үшін маңызды" дейді ұстаз Рәткүл Алжанова.
Келесі мақала