Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі төңірегінде туындаған екіжақты пікірлер әлі де бір тоқтамға келер емес. Сондықтан Халықтық штаб мүшелері мен белсенділері атом электр стансасын салу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.Жалпы атом энергиясы – болжамды баға тұрғысынан үздіксіз энергия өндірудің жалғыз ғана көзі. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының зерттеуінше, өмірлік цикл деңгейіндегі жел энергиясын қоса алғанда, АЭС – генерацияның барлық түрлері арасында көміртек қалдығын ең аз мөлшерде қалдыратын энергияның баламасы саналады.
Сонымен қатар АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Атап айтсақ, ол меншікті атом электр стансасы энергия тасымалдаушылардың импортына тәуелділікті азайтуға, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және энергетикалық ресурстарды неғұрлым икемді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АЭС металлургия, химия және машина жасау сияқты энергияны көп қажет ететін салаларды дамытуға қуатты ынталандыру бола алады. Жаңа жұмыс орындарын да атап өтпеске болмайды. Бұл – ел экономикасына оң әсер етеді. Атом электр стансаларын салу және пайдалану жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеулерді дамытуды талап етеді, бұл елдің технологиялық жабдықталу деңгейін арттырады. Одан бөлек парниктік газдар шығарындыларын азайта аламыз.
Себебі атом энергетикасы төмен көміртекті болып келеді. Бұл Қазақстанға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске өз үлесін қосуға көмектеседі.Демек, халық тұрақты жұмыс пен электр энергиясына қол жеткізеді. Басқа да пайдалы тұстары аз емес. Сондықтан баршаңызды 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысып, қуатты Қазақстан үшін дауыс беруге шақырамын.
Ерғали ӘБУҒАЛИ,
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы»
жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы
Тағайындау
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024