Мемлекет басшысының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында энергияны үнемдеу және оның тиімділігін арттыру қажеттігі баса айтылды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек», - деп атап өтті. Шындығында да біз энергетикалық қиындыққа тап болып отырмыз. Сондықтанда қуат көзін көршілес елдерден алып отырғанымызда шындық.
Еліміздің қайсыбір қаласында болмасын ірі өндіріс орындары, басқада үлкен-үлкен әлеуметтік нысандар салынуда. Ал бұлар көбейген сайын электр энергиясына деген сұраныстың артатыны анық. Бұл барлық мемлекеттерге тән нәрсе.Ал сырттан энергия импортталды дегенше оның бағасы жиі-жиі көтеріліп отырады. Міне осындай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы елімізде атом электр стансасын (АЭС) салу туралы 6 қазан күні референдум өткелі отыр.
Елімізде АЭС салынса бірнеше өңірде электр энергиясына деген тапшылық жойылып, шет мемлекеттердегі тәуелділік азаюмен бірге бағада тұрақталатын болады. Сондай-ақ көптеген жұмыс орындарының ашылатыны туралыда айтылуда.
Бір сөзбен айтқанда атом электр стансасын салу арқылы мемлекетімізге жан-жақты дамуға үлкен мүмкіндік беріледі. АЭС-ке қажетті уран бізде көп. Ол салыстырмалы түрде арзан әрі тиімді отын көзі болып саналады.
Мен энергетика саласының маманы ретінде елімізде АЭС салуды қолдаймын. Қолдап қана қоймай аудан халқын референдумға ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын.