Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық құндылықтар - саналы тәрбие негізі

Ұлттық құндылықтар - саналы тәрбие негізі
Ашық дереккөз
Қай ғасырда болмасын адамзат алдында тұратын үлкен міндет- саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, кез келген ұлттың болашағы оның ұрпағымен тікелей байланысты.

Қазақ халқының  өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары бар. Ол ғасырлар бойы жинақталған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Оларға имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық сияқты  қасиеттер жатады. Яғни, хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген  ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары. Осы құндылықтарды  бойымызға  сіңіріп, салт-дәстүрімізді, дәстүрлі дінімізді, тілімізді  құрметтеу  – басты  міндетіміздің бірі. Біздің ата-бабаларымыздан қалған үлкен рухани байлықтардың бірі – әлемде теңдесі жоқ   ауыз әдебиеті мен фольклоры. Көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, бүгінге дейін аман-есен алып келген ата-бабамыздың мұрасын қазіргі жас ұрпақ қолдап, қорғап  келесі ұрпаққа жеткізу қажет. Сан ғасырлар бойы күмбірлеген ән-күйі, эпостық жырлары, айтыстары, өлеңдері, шешендік сөздері, мақал-мәтелдері мен жұмбақтары, жаңылтпаштары  арқылы қаншама қазақ балалары  ұлттық құндылықтарды игерген. 

Қазіргі таңда біздің арамызда Еуропа мен Батыстың мәдениетін жоғары санап,өзінің ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын ұмытып бара жатқан  жастардың саны көбеюде. Соларға салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымызды  барынша сауатты түсіндіріп, ортамызға қайта оралуына ықпал ету біздің де міндетіміз. Егер біз ұлттық құндылығымызды, тілімізді, дәстүрлі дінімізді жоғалтсақ, ұлтымызды да жоғалтамыз.  Үлкенді қадірлеу, қонақжайлылық, қоршаған ортаға құрметпен қарау, туысқандық қарым-қатынас орнату, еңбексүйгіштік, жан-жануарларға жана¬шыр¬лық таныту  сияқты ұлтымызға тән қасиеттерді  жоғалтып алмай, ата-баба салтын жалғастыруға тиістіміз. Міне    сонда ғана елін, жерін сүйетін шынайы патриоттар қатары молая түседі. Сонымен қатар, өмірге бейім, заманауи сауатты, жан-жақты дамыған  қабілетті,адамгершілік санасы қалыптасқан жастар саны көбейеді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастардың әдепті де саналы болуы үшін ең алдымен ұлттық құндылықтарға  сүйене отырып,салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды боймызға  сіңіре білуіміз қажет

 

Елтай Асылай,

Тараз қаласы, № 6 орта мектебінің 10 "А" сынып оқушысы 
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар