Қазақстандағы атом энергетикасы-бұл тұрақты даму мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болашаққа салынған инвестиция.
Атом электр станциялары қоршаған ортаны ластамай, үлкен мөлшерде электр энергиясын өндіреді. Бұл шешім елді қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар климатты қорғау үшін маңызды көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан уранның қомақты қорына ие бола отырып, өзінің табиғи ресурстарын қауіпсіз және таза энергия өндіру үшін пайдалана алады, бұл да елге экономикалық пайда әкеледі. Атом электр станциясы-бұл өсіп келе жатқан энергия қажеттіліктерін қанағаттандырудың және елді болашақ қиындықтарға дайындаудың сенімді әдісі.
Айгерім ТӨЛЕГЕНОВА,
Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы