Жаңалықтар
Әр аптаның сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
- author AR-AY
- 12 қыркүйек, 2024
- 97
Әр аптаның сенбі күні облыс орталығында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Мұнда табиғи өнімдер егін басынан және жергілікті зауыттардан сөреге дейін ешқандай делдалсыз жетеді. Сондықтан да мұнда әлеуметтік маңызы бар 19 бірдей тауар бағасы жекелеген кәсіпкерлік дүкендермен салыстырғанда айтарлықтай арзан.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни ет, сүт және жеміс-жидектер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудаланады.
Айта кетейік, әлеуметтік нысан тек сенбі күні ғана емес, күнделікті халыққа қолайлы бағада сапалы тауар ұсынып келеді.