Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандағы туристер Яндекс Карталар арқылы өз бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік алады

Қазақстандағы туристер Яндекс Карталар арқылы өз бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік алады
Travel.press.kz
2024 жылғы 3 қыркүйекте Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК "АҚ және Yandex Qazaqstan арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды arainfo.kz.

Үш жақты меморандумға экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК "АҚ басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев және Yandex Qazaqstan тарапынан Артем Борисов қол қойды.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев атап өткендей, Меморандум тараптары Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту,  отандық және шетелдік туристерді тарту саласындағы ынтымақтастық ниетін растайды.

Яндекс Карталарда қолжетімді қазақстандық туристік және рекреациялық объектілер тізімін кеңейту туристерге ұлттық және өңірлік парктер, қорық аймақтары, ботаникалық бақтар, кэмпингтер және табиғатта демалуға арналған басқа да орындар туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ оларға неғұрлым ыңғайлы маршруттар салуға мүмкіндік береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар