Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет басшысы АЭС бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы АЭС бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
Ашық дереккөз
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақорданың сайтында жарияланған, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.

2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» – делінген жарлықта.

Құжатқа сәйкес республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу Орталық референдум комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының функцияларын орындайтын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелген.

Үкімет ОСК, басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Республикалық референдум ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Жарлық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар