Бақыт Аязұлы 1974 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген.Білімі – жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы Ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.2004-2005 жылдары Шу қаласы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі;2005-2006 жылдары Шу қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бактериолог-дәрігері;
2006-2007 жылдары Шу қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы;2007-2009 жылдары жеке серіктестікте еңбек етті;2010 жылы «Шу аудандық ветеринариялық қызмет» ЖШС-ның директоры;2010-2012 жылдары Шу ауданы, Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;2012-2017 жылдары Шу ауданы, Шоқпар ауылдық округінің әкімі;2017-2022 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;2022 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі