«Тарихта болмаған қолдау»,- қазақстандық шаруалар су үнемдеу жүйелеріне төленетін субсидия мөлшерін ұлғайту шешіміне қуанышты
- author AR-AY
- 13 тамыз, 2024
- 87
Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, 2030 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар әзірледі. Министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамту арқылы жылына 2,1 текше шақырымға дейін су үнемдеуді жоспарлап отыр»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Субсидия мөлшерін ұлғайту шешімін шаруалар қуана қабыл алды. Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев биыл 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатқан. Шаруа суарудың жаңа әдісі арқылы тіршілік нәрін де тыңайтқышты да бірнеше есе үнемдегенін айтады.
«Бұл тарихта болмаған қолдау. Шаруалар үшін өте қолайлы. Осыған дейін су үнемдейтін жүйелерді орнату шығындарының 50%-ы ғана өтелетін. Енді ел болып осындай үнемді жүйелерге көшу керек. Сонда ғана егіс алқабының әр телімін тиімді пайдаланып, мол өнім ала аламыз»,- деді дихан Жамантай Бейсенбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының еңбекақысын көтеруді жалғастырамыз - министр
- авторAR-AY
- 27 қыркүйек, 2024
Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу жөнінде келісімге келді
- авторAR-AY
- 26 қыркүйек, 2024