Қазір жаһандық мұнай, газ және көмір өндіру саласында 18 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Егер әлем 2050 жылға қарай нөлдік шығарындылар мақсатына жететін болса, 2030 жылға қарай 5 миллионнан аса жұмыс орны босап қалмақ. Ал олардың орнын экомамандықтар басады. Жалпы қазір әлем «жасыл» экономикаға түпкілікті көшуге тырысып жатыр. Бұл ретте көп елде «жасыл мамандық иелеріне» сұраныс артып келеді.
Урбанист-эколог – 2030 жылға қарай ең көп сұранысқа ие болатын мамандық.
Қазірдің өзінде Нидерланд, Ұлыбритания, Германия, Жапония, АҚШ-та урбанист-эколог мамандарына сұраныс жоғары. Орташа жалақысы – 67 200 АҚШ доллар. Бұл біздің теңгеге шаққанда 32 миллион 164 мың 138 теңге. Экологиялық урбанистер көбінесе қала әкімшілігімен, жергілікті тұрғындармен және табиғатты қорғау ұйымдарымен тығыз байланыста болады. Экологиялық урбанистердің арқасында қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейтін «жасыл» қалалар көбеюде. Халықаралық экономикалық форумның бақылауы бойынша «жасыл» қала салудан Швейцария, Ұлыбритания, Сингапур, Бразилия, Испания, Норвегия, Австрия көш бастап тұр.
Жалпы 2027 жылға қарай күн, желден алынатын энергия көздері жалпы энергияның 90 пайыздан астамын құрайды деген болжам бар. Әлемде күннен ең көп қуат алатын Германияда күн энергиясын өндіру саласында маман тапшылығы туындауда. Қазіргі таңда 50 мың жұмыс орны бос тұр.Өйткені бұл сала жылдан-жылға көз ілеспес қарқынмен дамып келеді. Былтырдың өзінде Германияда үйлердің төбесіне 3 миллионнан астам күн батареялары қойылды. Сондай-ақ күн энергиясы немістер үшін жақсы кәсіп көзіне айналған. Олар Германияның электр желісіне артық энергияны жеткізуден кіріс алады. Статистикаға сәйкес әр жиырмасыншы неміс күн энергиясын сатудан ақша табады.
– Баламалы энергия өндіру саласында білікті мамандар мен жұмысшылар жеткілікті болуы үшін сауатты көзқарас танытып, оқу бағдарламаларының санын көбейту керек. Әйтпесе қызметкерлердің жетіспеушілігінен бұл сала сәтсіздікке ұшырайды Жаһанды күн қуатымен қамтамасыз ету үшін шамамен 60 мың гигаватт күн энергиясы қажет. Сәйкесінше, 60 миллион жұмысшы қажет болады, – дейді Фольклер Квашнинг, Берлин техника және экономика жоғары мектебінің профессоры.Халықаралық баламалы энергия агенттігінің есебі бойынша, 2019 жылы әлем бойынша шамамен 11,5 миллион адам баламалы энергия саласында жұмыс істеген.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ
Экологиялық акция жалғасуда
Ұқсас жаңалықтар
Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының еңбекақысын көтеруді жалғастырамыз - министр
- авторAR-AY
- 27 қыркүйек, 2024
Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу жөнінде келісімге келді
- авторAR-AY
- 26 қыркүйек, 2024