Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алыс - беріс артады

Алыс - беріс артады
Ашық дереккөз
Жуырда Астана қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның бизнес форумы өтті. Онда екі елдің кәсіпкерлері жалпы сомасы 43,5 миллион долларды құрайтын құжаттарға қол қойды. Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық компанияларының, іскер топтарының және мемлекеттік органдарының 400-ден аса өкілі қатысты. Форумды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды.

Форум аясында қазақстандық және өзбекстандық кәсіпкерлер В2В форматында екіжақты кездесулер өткізіп, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, жеңіл және тамақ өнеркәсіп, құрылыс және тағы басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Бизнес форум барысында лифт индустриясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

«Форум аясында біз лифт өндірісі бойынша бірлескен қазақстандық-өзбек кәсіпорнын құруды қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ, Қазақстанның лифт паркін диагностикалау үшін диспетчерлік орталық құруға және лифт саласындағы қызметтердің сапасын арттыратын бірыңғай стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге келістік» дейді Қазақстанның лифттер Ұлттық қауымдастығының президенті Ержан Игібаев

 

Өзбекстандық кәсіпкер, «Технопарк» ЖШҚ бас директоры Сарвар Ахадов лифт шығару саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

«Еуропалық стандарттар бойынша лифттер мен диспетчерлік жүйелерді өндіруді ұйымдастыру саласындағы қазақстандық серіктестерімізбен тәжірибе алмасуға қуаныштымыз. Жақын арада біз өндірісті бастау үшін көлемі мен аумағын анықтаймыз. Біздің аймақтағы өнеркәсіптік кооперация логистика мен компоненттерді жеткізуге өзара тәуелділік арқасында зор әлеуетке ие. Бүгін біз газды автоматтандырылған есепке алу жүйесін енгізу және Қазақстанда лифттерді өндіру туралы екі келісімге қол қойдық. 18 айда аталған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр» дейді С.Ахадов.

Сондай-ақ, көрші елді шаймен қамту көзделіп отыр. Қазақстандық «Unitea» шай фабрикасы Өзбекстанның ең ірі сауда желісі «Корзинка» компаниясымен ай сайын 20-30 тонна шай жеткізу туралы меморандумға қол қойды.Бүгінде компания Ресей, Қытай және Қырғызстанды қоса алғанда, сыртқы нарықтарда өз кәсібін жүргізіп отыр.2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 миллиард АҚШ долларын құрады.Өзбекстан Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жетінші орында және Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57 пайыздан астамын құрайды.

Эльмира Байназарова 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар