Экология министрі "Аралға жаңбыр жауғызамын" деген Алтай Айнабектің әрекетіне пікір білдірді
- author AR-AY
- 30 шілде, 2024
- 257
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі “Алтай Айнабек соңғы уақытта әлеуметтік желіде көп талқыланып жүр. Сіздер оның Аралды толтыру жобасына қатысты қандай баға бересіздер? деп сұрады.
Нысанбаевтың сөзінше, онсыз да бұл күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жауу керек еді. Жалпы министр алғашқы 10 күнге берілген болжам әркез нақты болатынын айтады.
Әлемде бұл мәселемен айналысатын ғалымдар да, мекемелер де иондау тәсіліне күмәнмен қарап отыр. Бұл өзі былай адам сеніңкіремейтін, әрі нақты дәлелі жоқ тәсіл. Арал өңіріндегі жаңбыр туралы айтсақ, әрине біз қызығушылық танытып, Қазгидромет мамандарын шақырып қарадық. Синоптиктер болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жауу керек еді. Сол себептен дүниежүзіндегі ғалымдардың ұстанымымен айтсақ, бұған көп сене беруге болмайды, — деп жауап берді Экология министрі.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024