Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды

Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды
gov.kz
Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;

Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.

Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар