Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті мен Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Жасөркен», «Айша бибі» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесі және «Бесағаш» шекара бөлімшелерінің жеке құрам қызметкерлерімен кездесу өтті.
Басқосуды өткізудегі басты мақсат - жас сарбаздарды еліне деген сүйіспеншілікке, Отан алдында адал қызмет атқаруға және азаматтық қасиетке баулу.
Бұл күні шекарашы сарбаздармен жүздесуге ауған ардагері Батырхан Шәлімбетов, «Бесағаш» шекара заставасы бастығының орынбасары Аслан Жексенбин, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Тоқсаба, айтыскер ақын Медеу Мырзатаев, спорт саласының үздігі Бодауов Серік және дәстүрлі әнші Жақсылық Қалтешов келді. Жиын барысында қоғам өкілдері жастарды патриотизмге тәрбиелеу аясында ой-пікірлерін ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде сарбаздар да өз ұсыныстарын айтып, көкейдегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.
Келесі мақала