Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады
- author AR-AY
- 16 шілде, 2024
- 184
Париж Олимпиадасы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап
Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады.
Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.
Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Келесі мақала