Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастау жөніндегі тапсырмасы бойынша, Жамбыл облысының тұрғындары өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кірісті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Облыс әкімдігіне қарасты табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл абаттандыру жұмыстарына 9,4 миллиард теңге бөлінген. Көгалдандыру мен тазалық жұмыстары аясында, 48 555 түп ағаш отырғызылып, 816,6 шақырым арық және канал мен 3102 шақырым көше мен 1,1 млн. шаршы метр саябақ пен сквер тазаланған. 9,7 мың тонна күл – қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, биыл облыс бойынша жалпы 883 миллион теңгеге 25 техника сатып алу жоспарлануда.
Айта кету керек, өткен жылы облысты абаттандыру үшін 6,9 миллиард теңге бөлінген болатын. Аймақта 43 951 дана ағаш отырғызылып, 12 412 шаршы метр гүлзар, 2 794 шаршы метр көгалдар орналастырылған еді.
«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 99 мың аула тазаланды
Ұқсас жаңалықтар
Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады
- авторAR-AY
- 14 қараша, 2024