Жамбыл облысында прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті
- author AR-AY
- 29 сәуір, 2024
- 398

Жамбыл ауданы прокуратурасы «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді.
Талдау барысында Бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеумен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық қамтымағаны - 12 тұлғаны көзделген әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.
Бұл ретте жеке бағдарламаға сәйкес оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндет жергілікті атқарушы органға жүктелген.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар толық көлемде әлеуметтік көмекті алды, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен көзделеген жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық: Санитариялық дәрігердің қаулысы
- авторAR-AY
- 26 тамыз, 2025
Алматыда UEFA талаптарына сай 35 мың орындық жаңа стадион салынады
- авторAR-AY
- 26 тамыз, 2025