Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауды өткізудегі негізгі мақсат – оқушыларға кәсіби бағдар беру, ғылыми-техникалық шығармашылығын танымал етіп, инженерлік мамандықтардың беделін арттыру екенін және дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету.
Байқаудың ең басты ерекшелігі – кезеңдері мен өткізілу форматының ұлттық ойындармен үйлестірілгені. 8-9-сынып оқушылары арасында өткен сайысқа ауданның білім мекемелерінен 16 команда қатысып, «Арқан тартыс» және «Қыз қуу» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Өнертапқыштар байқауының әділ өтуін ІТ-саласының мамандарынан құралған арнайы комиссия тобы қадағалап, қазылық жасады. Байқау шарттары бойынша қатысушылар жасаған роботтардың салмағын өлшеп, техникалық ахуалына бақылау жасады.
Байқау қорытындысымен «Қыз қуу» категориясы бойынша Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназияның, «Арқан тартыс» категориясында №16 мектептің командалары жеңімпаз атанды.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ