arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ шеберлік

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ шеберлік
ашық дереккөз
ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ шеберлік
Жуырда Тараз қаласында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы балалар кубогының бірінші кезеңі басталды. 6-14 жастағы балалар арасындағы турнирдің жүлде қоры – 3 миллион теңге. Біріншілікке қатысушылардың жан-жақты дайындықпен келгені бірден байқалды. Кейбір ойыншылар турнир алдында шаштарын шахмат тақтасының түсіне бояса, енді бірі шашақ киімдерін киген. Өздері бұл әрекеті оларға сенімділік сыйлайтынын айтады. Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов жас шахматшылардың аяқ алысы жаман емес екенін жеткізді. – Біріншілікке қатысушылардың арасында шахматтың болашақ жұлдыздары бар екеніне сенімдімін. Балаларына қолдау көрсетіп келген ата-аналарға үлкен рақмет. Қазір Қазақстанда шахматқа деген қызығушылық артып келеді деп айта аламыз. Өткен жылы шахмат федерациясы еліміздегі басқа федерациялар арасында үздік атанғанын да айта кетейін, – дейді М.Есжанов. Облыстық шахмат федерациясының президенті Әлібек Өтеулиев журналистерге берген сұхбатында Тараз қаласының тарихында тұңғыш рет классикалық шахматтан балалар арасындағы кубоктың республикалық кезеңінде ұлдар мен қыздар бірге ойнап жатқанын тілге тиек етті. Бірақ шахматшылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлек марапатталады. Чемпионатқа қатысушылардың жалпы саны – 329. – Тараз қаласына Қазақстанның әр өңірінен қатысушылар келді. Ойындар екі санатқа бөлінеді. Тарқатып айтсақ, 10 жасқа дейін және 14 жасқа дейін. Жас шахматшылардың халықаралық рейтингтегі орны есептеліп, ФИДЕ ережесіне сай швейцариялық жүйе бойынша тоғыз айналымда ойнайды. Яғни жеңілген турнирден шығып қалмай, ойынын жалғастырады. Бірінші кезеңнен кейін жеңген, тең түскен және жеңілген қатысушылар арасынан үш топ құрылады. Ол топтардан кейін турнир соңына дейін жұптар құрылады. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер балалар шахматынан Қазақстан кубогының финалына шығу үшін ұпай жинайды, – деп түсіндірді Ә.Өтеулиев.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар